Ауыл мектептеріне арналған қашықтықтан оқыту

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық Білім беруді ақпараттандыру орталығы (РБАО) мен ЮНЕСКО-ның білім берудегі Ақпараттық Технологиялар Институтымен (БАТИ - директор Ресей ғылым академиясының академигі, т.ғ.д., профессор В. Г. Кинелев) бірлесіп Қазақстанда «Ауыл мектептеріне арналған қашықтықтан оқыту» халықаралық жобасын жүзеге  асырды. Осы жоба арқылы алғашқы электронды оқулықтар енгізілді.

Жобаға 3 облыстың 9 пилоттық мектебі қатысты: 

  • Батыс Қазақстан облысында – Теректі ауданының «Үміт» гимназиясы, Тасқала ауданының Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі, Ақжайық ауданының №1-ші орта мектебі;
  • Шығыс Қазақстан облысында – Құмаш Нұрғалиев атындағы мектеп, Күршім ауылының №3-ші орта мектебі, Үлкен Владимировка ауылының орта мектебі және «Восток» дамыта оқыту ғылыми орталығының эксперименталдық мектебі;
  • Қызылорда облысында – Сырдария  және Жалағаш орта мектептері.

Бұл жобаны жүзеге асыруға әкімдіктердің білім басқармаларының директорлары үлкен жеке үлес қосты:

Батыс Қазақстан облысында - Қасымбеков Ермек Қасымбекұлы;

Шығыс Қазақстан облысында - Ферхо Светлана Ивановна;

Қызылорда облысында - Жаңыл Алпамысқызы Жонтаева, сонымен қатар Қызылорда қаласында М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжінің директоры Әлима Жақыпқызы Абдукаликова.

Мұғалімдер үшін электронды оқулықтар олардың педагогикалық қызметін ізгілендіру құралы болды. Электронды оқулықтар оларға оқу тақырыптарын мультимедиалық көрсетуде және оқушылардың оқу жетістіктерін автоматтандырылған бақылауда үлкен мүмкіндіктер берді. РБАО мұғалімдермен бірлесе отырып, электронды оқулықтарды пайдалану әдістемесін ашық сабақтармен көрсетті.

Мектеп оқушылары үшін - электронды оқулықтар білім алудың жаңа форматы болды. Информатика кабинеттері басқа пәндер бойынша сабақтар өткізуге ашылды, сонымен қатар электронды оқу залдарына айналды. Мектеп оқушыларының өзіндік жұмысы үшін «компьютерлік уақыт» ұғымы айналымға енгізілді.

Жобаның тұжырымдамасы,  2001 жылғы 23-26 мамырда Алматы қаласында білім беру қауымдастығының қатысуымен талқыланды. Оны іске асыру тәжірибесі 2003 жылғы 15 мамырда Мәскеуде өткен ЮНЕСКО БАТИ-ның халықаралық конференциясында таратылды. 2004 жылы қазан айында осы жобаны дамыту «Ашық және қашықтан білім беру» семинарында ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы Кластерлік бюросымен бірлесе талқыланды. Тұсаукесер материалдары ЮНЕСКО БАТИ «IITE NewsLetter» халықаралық басылымдарында кеңінен жарияланды.

РБАО «Focal point  ЮНЕСКО БАТИ» атқа ие болды (директор-педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Гүл Құмашқызы Нұрғалиева) .