Ұсыныстарымызға көшпес бұрын, біз сіздермен электронды оқулық деген не екенін тағы да талқылағымыз келеді

Ғалымдар электронды оқулықтардың балалардың
оқу үлгерімін арттырып, оқу үдерісін жеделдететінін дәлелдеді

Электрондық оқулықтар дегеніміз не?

Бұл нағыз, нақты, белсенді оқу процесі. Компьютерлік бағдарлама оқушының барлық іс-әрекеттерін қадағалайды, тақырыпты түсіндіреді, тапсырмалар береді, жауаптарды тексереді, оқушылардың оқу жетістіктерін көрсетеді, яғни білімдерін бағалауға көмектеседі.

Электрондық оқулықты бағдарламалау бір немесе бірнеше пән мұғалімдерінің сценарийі бойынша құрылады. Сценариймен мамандар жұмыс істеуде - кәсіби дикторлар, суретшілер, дыбыс инженерлері, менеджерлер және т.б.

 

Барлық электронды оқулықтар модульден басталады.

Модуль дегеніміз не?

Бұл оқушының маршруттық, яғни бағыт-бағдар беретін жол картасы, ол мектептің оқу жоспарына негізделген және бір оқу жылы барысында оқылатын, игеруге, білуге, оқуға тиісті білім жүйесінен тұрады. Бүкіл оқу процесі модуль төңірегінде ұйымдастырылған. Модульдік оқыту оқушының жүйелі, мақсатты түрде ойлауын қалыптастырады. Электрондық оқулық – түрлі-түсті, әсем тартымды рәсімделген.  Балалар ойын әрекеті арқылы үйренеді! Электрондық оқулықта барлық түсініктемелер мультфильмдер арқылы беріледі, сондықтан балаларға таныс және тартымды! Мысалы, бағдарлама бойынша 62 тақырыпты оқып шығу керек болса,  Электронды оқулықта әр тақырыпқа түсініктеме берілген және кәсіби дикторлардың дыбыстық жазбаларымен жазылған. Оқушы үйде өз бетінше жаңа тақырыптың түсіндірмесін бірнеше рет тыңдай алады. Кей жағдайда оқушы денсаулығына немесе басқа да жағдайларға байланысты сабаққа қатыса алмауы мүмкін. Осы олқылықтардың орнын Электрондық оқулық толтырады, яғни оқушы өз бетінше қайталап оқып, меңгере алады.

 

Электрондық оқулық  -  бұл репититорды алмастырады!

Оқушы интерактивті тапсырмаларды орындайды, онда орындаған тапсырмасының  "дұрыс",  не қате екендігін бірден білетін мүмкіндік берілген "тағы да орындаңыз", "кілтті қолдана отырып, жауабыңызды тексеріңіз" және т.б.  қызметтер арқылы қайталауға толық мүмкіндігі болады. Олар математикалық есептерді виртуалды тренажерлердің көмегімен шешеді. Модульдің әр бөлімі СБК тапсырмаларын орындаумен аяқталады, мұндай жағдайда оқушы көп деңгейлі тестілеуден өтеді. Атааналар үшін 10-15 минуттан аспайтын тестілеу нәтижелерін көру маңызды болып саналады.

 

Электрондық оқулықтар оқуда көшбасшы болуға көмектеседі!

Жеке жаттығулар жасай отырып, оқушылар оқу материалын бірнеше рет қайталай алады, тіпті 2-3 айда барлық материалдарды оқи алады. Электрондық оқулықтардың көмегі мен маңыздылығы өте зор, әсіресе қандай да бір себептермен сыныптан артта қалғанда, белгілі бір тақырыптарды меңгере алмаған жағдайларда.